Оңтүстік өнері түркиялық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркияға барып қайтқан өнепаздар баспасөз брифингін берді.«Күні бүгінге дейін күнгей өлкенің мәдениет майшамын маздатып, даңқты елдің дара өнерін республикалық, халықаралық сахна төрінде танытқан әннің дарабоздары, бидің тұсау салдырмас тарландары түркиялық көрерменнің шаттық шапалағына көмілсе, қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп ата әнін жатық нотада өрген  дәстүрлі әншілер елдің ұлттық әуендерін әуелетіп, тарихи мәнге толы гастрольдік сапарда айрықша із қалдырды. Оның дәлелі, Түркия мемлекетінің ақпарат беттерінде елдің сәлемін арқалай барған Оңтүстік өнерпаздарының жарқын бейнелері көрініс табуы болатын»,-деп атап өтті Ә.Нұрмаханбетов.Сонымен қатар, VIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында  Түркияның бас қаласы  — Анкараның Кечиөрен ауданында жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі де жылдың айрықша жаңалығы ретінде орын алды.

Брифинг барысында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі С.Әбдірайымова сапардың сәтті қадамдары мен «Қазақстан кеші» концерті туралы айтты.

Брифинг соңында спикерлер апталық сапар шеберлікті шыңдау мен мәдени қарым-қатынастың нығаюына ерекше әсер беретіндігін айтып, Елбасы мақаласы аясында жүзеге асқан қос ел арасындағы еңселі жоба жалғасын табатындығын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*