Түркістанда бір компанияның 100 қызметкері Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне жол тартты

ЭКСПО билеті сатылымға шыққан кезде алғаш болып облыстық мәслихат депутаты, Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы Р.Тәңірбергенов 500 билет сатып алған болатын. Енді «Жолаушы» ЖШС-нің 100 қызметкері ЭКСПО алаңын аралауға мүмкіндік беретін жолдаманың шарапатын көруде.

Фото Түркістана Қаласы Әкімі Аппараты.

Бүгін еліміз үшін айтулы шараға Түркістан қаласынан 100 азамат аттанды. Астананы бетке алған жолаушыларды «жолаушылықтар» сән-салтанатымен шығарып салды. Шараның ұйытқысы Р.Тәңірбергенов «бүгін екі автобуспен «Жолаушы» ЖШС-де қызмет ететін 100 азаматты шығарып салып тұрмыз. Астанаға барғанда әріптестеріміздің жатын орны дегендей қажетті мәселелердің барлығы шешілген. Ондағы мақсатымыз қызметкерлеріміз Астана қаласын көріп, ЭКСПО көрмесін аралауына жақсы жағдай жасасақ деген ниеттен туындап отыр», — дейді «Жолаушы» ЖШС құрылтайшысы.
Айта кетерлігі, бұл сапар шілде айының 12-сі күні қайта жалғасын таппақ. Ол кезде осындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің озат студенттері мен оқытушылар құрамы аттанады. Сол секілді алдағы уақытта осындай бағыт өз жалғасын табады.

Фото Түркістана Қаласы Әкімі Аппараты.
Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының тәртіп сақшылары да Р.Тәңірбергеновтың қолдауына ие болып отыр. Қалалық ішкі істер басқармасына 20 билет берілген. Бүгінгі жолға шыққан жолаушылар арасында полиция қызметкерлері де бар. Қаладағы жаны жомарт азаматтардың бірінен саналатын Р.Тәңірбергеновке осы шара барысында қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Е.Қыдырбаев «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалін тақты.
Қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков игілікті іске мұрындық болып отырған Р.Көлбайұлына алғыс білдіріп, жолаушыларға сәт-сапар тіледі.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*