Қоян өсіріп, табысқа кенелген кәсіпкер

Мирабдумәжіт Мірхашімов Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Бүгінде шаруа қоян өсіріп, кәсібінің нәсібін көріп отыр. Кәсіпкер шаруасын бастапқыда 10 қоянмен бастаса, қазір ұзынқұлақтың санын 3 мыңға жеткен.

Картинки по запросу қоян шаруашылығы

Шағын және орта бизнесті дамытуды көздеген Мірхашімовтер әулеті ұзынқұлақты өсіруді 2015 жылы қолға алған. Екі жылда мол табысқа кенеліп отыр. «Алғашында қоян өсіруге тек хобби ретінде қараған. Әрі үйдегі кішкентай балаларыма ермек үшін асырадым. Кейін табыс кілті екеніне көз жеткіздім. Қоян етінің емдік қасиеті де бар. Соған қарай сұраныс та жоғары»,- дейді кәсіпкер.

Айта керейік, бүгінгі таңда қоян етінің келісін 2 мың теңгеден сатып алушылар көп екен. Ұзынқұлақ жануар өте өсімтал келеді. Жылына 3-4 мәрте төлдейтін қояндар әрқайсысы 6-дан 14-ке дейін көжек әкеледі. Қоянның терісі де өте бағалы, сұранысқа ие. Ал етінде холестирин мүлде кездеспейді, есесіне, минералдар мен дәрумендерге бай.  Ішек құрылысы мен өт жолдары ауыратын науқастарға таптырмайтын тағам. Әрі иммунитетті көтеретін қасиеті бар екен.

Дереккөз:www.inform.kz

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*