Қазығұрт ауданында таңқурай өсіру ісі жанданып келеді

Қазығұрт ауданы таулы өңір болғандықтан таңқурай өсіруге өте қолайлы. Сондықтан алдағы жылдары мұнда таңқурай егістік көлемін ұлғайту қажет. Ең бастысы – білікті бағбандардың тәжірибесін жұртпен бөлісіп, таңқурай өсіремін деушілердің басын біріктірген жөн.  Бұл туралы Қазығұрт  ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Нұр-айдар» шаруа қожалығының жұмысымен танысқан  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Қазығұрт ауданы Жіңішке ауыл округіндегі  «Нұр-Айдар» шаруа қожалығы 3 жылдан бері  таңқурай өсіріп келеді. Алғашында үй іргелік 7 соттық жерге таңқурай егіп дағдыланған Еркін Шерәлиев бүгінде нағыз білгір маманға айналған. Қазір ол 3 гектар жерді 49 жылға жалға алып, күніне 200 келі таңқурай жинауда.

«Таңқурайдың келісін 700 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл жеміс дақылың әр түбі 2-3 келіден өнім береді. Ал маусымында 1 гектардан 12 тоннаға дейін жеміс жинауға болады. Жиын –терім жұмыстарына 20-ға жуық ауыл тұрғындары тартылып, әр қайсысына күніне бір келі терсе 150 теңгеден ақы төлеп жатырмыз. Жұмысшылардың тамағы тегін.  Мұндағы жұмысшылар күніне орта есеппен 2000-3000 теңгенің көлемінде ақша табады»,- дейді қожалық төрағасы Еркін Шерәлиев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*