Б.Дәуренбеков «Көне жетігеннің сыры» атты туристтік кинохикаяның мазмұнын айтып берді

Оңтүстікте жылдың  аяғына қарай «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикаяның тұсауы кесілмек. Бұл туралы «Оңтүстік-фильм» киностудиясының директоры Батырхан Дәуренбеков хабарлады. «Көне жетігіннің сыры» атты  киножоба  желісі өте қызықты. Қазығұрт асуындағы жол жөндеу жұмысымен айналысып жатқан эксковаторшы кісі сырты шіруге айналған тері қапшық тауып алады. Қапшықтың ішінен көне жетіген аспабы шығады. Ішектері мен асықтары жоқ бұл аспабтың сыртқы бетінде ескі көне түркі әріптерімен жазылған жазудың іздері көрінеді. Фильмнің басты кейіпкері – Самал дос, жігіті Нұржан мен археолог Жандос үшеуі жетігеннің сыртындағы төте жазу өлең шумақтарының құпия сырларын ашуға тырысады.

«Киноның түсірілім жұмыстары Түркістан, Арыстан баб, Отырар, Сауран, Сайрам, Ақсу-Жабағылы, Қазығұрт тауы, Өгем секілді тарихи және табиғаты әсем жерлерде түсірілуде. Жалпы «Көне жетігіннің сыры» киносына 70 млн. теңге бөлініп, әр сериясына 6 млн. теңге шығындалып жатыр»,- деді киноның бас режиссері Нуриддин Паттеев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*