Оңтүстіктің киностудиялары «Көне жетігеннің сыры» атты туристтік кинохикая түсіруде

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың  соңында «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикая мен «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмдердің тұсауы кесілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасаөз конференциясында «Оңтүстік-фильм» киностудиясының директоры Батырхан Дәуренбеков мәлім етті. Аталған туындылардың түсірілім жұмыстарымен елімізге белгілі «Сақ» және «Оңтүстік-фильм» киностудиялары айналысып жатыр.

Бұл туындылар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өңіріміздің киелі және тарихи жерлерін дәріптеу мен туризмді насихаттау мақсатында түсіріліп отыр.

«Аталған туындылардың идея авторы – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев. Жыл басында облыс әкімі бізді арнайы қабылдап, ішкі туризмді дамытуға сеп болатын кино және анимациялық фильмдерді түсіруге тапсырма берген болатын. Кейіннен бюджеттен қаржы бөлді. Қазіргі таңда біз «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикаяны түсірумен айналысудамыз. Түсірілім жұмыстарына 30-ға жуық актерлар тартылып, жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр»,- деді Батырхан Қалдарбекұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*