ОҚО әкімі: Астана өз атын тәуелсіздік шежіресіне алтын әріптермен жазды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.«6 шілде – бүкіл қазақстандықтардың мерейлі мерекесі. Себебі, Астана – әрбір қазақстандықтың көз қуанышы, көңілдегі зор мақтанышы. Тарихи тұрғыдан алғанда қас-қағым сәт болып саналатын қысқа мерзім ішінде Қазақ елінің Бас қаласы – Астана өз атын тәуелсіздік шежіресіне алтын әріптермен жазды»,-деді әкім өз құттықтауында.

Елбасы: «Аз жылдың аясында Астанадай ғажайып қала сала алған, сөйтіп елдіктің ерлігін танытқан қазақстандықтардың қолынан бәрі де келеді. Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін сақтай білсек әлі алдымыздағы талай биіктерге көтеріле аламыз» – деген еді. Бүгінде осы ойдың өміршеңдігіне көз жеткізіп келеміз,-деді аймақ басшысы.

«Барша қазақстандықтардың арқа сүйер қорғанына, ұлттық идеяның ұйытқысына айналып отыр. Астанамыздың арқасында еліміз дүниежүзіне танылып, қарқынды даму жолына түсті. Қарыштап өркендеген берекелі бейбітшіліктің символы саналған  Астанамызда халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар мен ел болашағына бағытталған келелі кеңестер өтіп, маңызды шешімдер қабылдануда. Ал, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі бүгінгі Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуға септігін тигізуде»,- деп атап өтті Ж.Түймебаев.

Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астананың мерекесімен құттықтаған әкім, барша жерлестеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке тiледі!

Құрметпен, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Ж.Түймебаев

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*