Отырарлықтар Астана күнін атап өтті

Отырар аудандық мәдениет сарайында Астана күніне арналған «Астана арман қала» атты мерекелік кеш өтті. Кеш басталмас бұрын аудан басшылары және қонақтар мәдениет сарайының кіре берісіне қойылған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы мен Әбу Насыр әл-Фараби атындағы руханият мұражайының көрмесін тамашалады.Ұлт аспаптары оркестрі Құрманғазының «Балбырауын» күйімен шымылдығын түрген мерекелік кеште аудан әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті 6 шілде-Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, «Еліміздің жүрегіне айналған Астана қаласы 20 жыл ішінде әлемдегі саяси маңызды оқиғалар өтетін орталыққа айналды. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Әлем қаласы» деген жоғары атақ берілді. Дәл қазіргі таңда Астана төрінде ЭКСПО -2017 мамандандырылған көрмесі өтуде. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекеттер қатысып, Астана қаласының бүгінгі көз тоймас көркіне, сәулетті сымбатына таңданыстарын білдіруде»- деп өзінің ыстық лебізін білдірді. Мерекелік шара барысында бір топ сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ауданымыздан түлеп-ұшып, бұл күнде облысымыз бен республикамыздың сахналарында өнер көрсетіп жүрген өнер жұлдыздары көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлап, мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*