Отырар ауданының әкімі жеңімпаздармен кездесті

Еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп, Әнұранымызды асқақтататын бірден-бір жарыс – спорт. Ал, осы спорттың әр саласы бойынша жеңімпаз атану әрбір спортшының арманы.
Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ауданымыздан шыққан чемпиондармен кездесіп, ауданымыздың спорт саласында жеткен жетістіктері жайында пікірлесті. Кезінде даңқы жер жарған Қажымұқан бабамыз Отырардың ғана емес бүкіл қазақтың атын әлемге паш етті. Шойын болатты қолымен иіп, күш атасын танытқан тау тұлғалы жерлесіміздің ізбасарлары бүгінде баба ерлігін жалғастыруға күш салып келеді. Жуырда ғана жерлесіміз Перизат Жақыпбекова Белбеу күресінен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанса, Сабыржан Әбілдаұлы Әскери қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, Белбеу күресінен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының +90 кг салмақ дәрежесі бойынша Ерсұлтан Жорабек жеңімпаз болса, осы сайыстың 90 кг салмақ дәрежесі бойынша Бағдәулет Шераздин жүлдегер атанды. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген жерлестеріміз Гүлназ Байболат пен Аружан Салман әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздары атанып, тоғызқұмалақтан спорт шебері атағына ие болды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*