Отырарда жалпыхалықтық сенбілік өтті

Елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында киелі Отырар ауданына шет елден туристер саны артатыны белгілі. Осыған байланысты аудан орталығы талапқа сай ажарлы, таза болуы керек. Бүгін Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде жалпыхалықтық сенбілік шарасы өтіп, барлық ауыл округтері, мекемелер мен ұйымдарды қамтығанын айта кеткен абзал. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов арнайы қатысып, тұрғындармен бірге жұмыс істеді. Сенбілікте аудан орталығындағы Жастар саябағының жаны мен Д.Алтынбеков каналының жағасы, «Жібек жолы» даңғылы, М.Мәметова көшесі және тағы да басқа көшелердің бойы ретке келтіріліп, тазаланды. Сенбілікке біркісідей атсалысқан тұрғындар аудан орталығындағы көшелердің тазалығы мен жаз айларындағы аптап ыстықтан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалың шөптерді отап, артық қалдықтарды тазаланғанын айта кетейік.  Отырар аудандағы барлық ауыл округін қамтыған сенбілік шарасы науқандық шара емес, алдағы уақытта тұрақты жүргізілмек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*