«ОҢТҮСТІК» АИО БІРІККЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Астана қаласы әкімдігі мен «G-Global» заңды тұлғалар бірлестігі  халықаралық хатшылығының  ұйымдастыруымен  «Назарбаев» университеттетінде халықаралық форум өтті.  Жиынға 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы елшісі Чжан Ханьхуэй, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев, «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Қ.Байтөре, сонымен қатар халықаралық сарапшылар, министрліктердің жəне бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.Іс-шара барысында Қытай, Корея, Эстония жəне Ресейден келген қонақтармен қоса 150-ден астам қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, медицина, қайырымдылық, жасыл экономика жəне энергетика, қаржылай серіктестік жəне өзара екі жақты қарым-қатынасты нығайту секілді бірқатар мəселелерді талқыға салды.

Өз кезегінде сөз алған «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Қ.Байтөре компанияның атқаратын қызметі мен осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері туралы айта отырып, бүгінде жас мамандарды қолдау жəне оларға 5 млн.теңгеге дейін кепілсіз несие беру бойынша жаңа бағдарлама əзірленіп жатқандығын жеткізді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*