ГРЕКИЯ ЕЛШІСІ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген Грекияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында болып қайтты. Сапар барысында елші облыстық ассамблеяның жұмысымен танысып, грек этномәдни бірлестігінің мүшелерімен бейресми жағдайда кездесті.

Жүздесуге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, өңірімізде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этнос өкілдерінің экономиканы ілгерілетуге қосып жатқан үлесі жайында кеңінен ақпарат бергенін айта кеткен жөн. Грекия елшісі Александрос Катранис өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ел саясатын жүзеге асыру үшін құрылған, әлемде теңдесі жоқ институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында айта келе, этномәдени бірлестіктер қызметін дамытуға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықтың рөлін арттырып, экономикалық байланыстарды нығайту жайы да сөз болғанын айта кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*