Ордабасы ауданының әкімі жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды

Ордабасы ауданында жұмыссыздықтың алдын алу бойынша аудандағы атқарылған тірліктерді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Жұмыспен қамту орталығына арнайы барып көрді.Сонымен қатар, жыл басынан бері Ордабасы ауданы бойынша Жұмыспен қамту орталығына 3552 адам өтініш білдірсе, оның ішінде 2179-ы жұмыссыз. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 2469 адам қамтылды: 183 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 138 — жастар практикасына, 208 — қоғамдық жұмыстарға, 437 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жолданды, 90 адамға шағын несие берілді, 90 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 1323 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Бердімұратова қазіргі таңда мекемені басқа ғимаратқа көшіру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтып өтті.
Өз кезегінде Рашид Үсіпханұлы азаматтарды жұмыспен қамту үшін жолдама беруде бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол берілмеуін ескертті. Сонымен қатар, жас мамандардың біліктілігін арттыру бағытында әлі де жұмыстардың жеткіліксіздігін атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*