ОҚО-дан шығатын жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды біржолата ұмытады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтар құны 29 және 72 млн теңге болатын қондырғыға «Оңтүстік» аймақтық инновациялық орталықтың қаржыландыруы арқылы  қол жеткізіп отыр. Енді инновациялық тың әдісті орнатамын деген фермерге мемлекет 10 млн теңге көлемінде субсидия беретінін айта кету керек.

Бүгінгі таңда жаңа технологияның арқасында жер жыртып, мал азығы аз деп алаңдамайсыз. Бұл өз кезегінде еңбек күшін де талап етпейді. Себебі, гидропоника әдісі арқылы күніне 2 тонна өнім өндіруге болатынын біле жүріңіздер. Сонымен қатар, жылына шамамен 1500 тонна жем-шөп жинауға мүмкіндік бар екенін де айтқымыз келеді.

Кәсіпорын директоры Бақытжан Көпбаевтың айтуынша, гидропоника әдісі арқылы дайындалған өнімдер арпа дақылының құнарлығымен пара-пар екен. Жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды  да біржолата ұмытады,-дейді кәсіпкер Бақытжан Көпбаев. Осылайша, шаруалар төрт түлігіне қаржы үнемдеп, таза, әрі құнарлы жеммен азықтандырып, шаруасын өрге дөңгелететін алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*