Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған еңбекші жастар спартакиадасы өз мәресіне жетті!

Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті.Мақсаты — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дене шынықтыру және спорттың бұқаралығын дамыту, жұмысшы мамандықтарлы насихаттау, еңбек жастары арасында достық қарым қатынасты нығайту екенін айта кеткен жөн.

Нақтырақ айтқанда, еңбекші жастар спорттың мынадай түрлерінен өзара бақ сынасты: Кіші футбол, волейбол, баскетбол, үстел тенисі, суда жүзу.

Сонымен қатар, номинациялары бойынша ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға 18-29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жастардан құралған 9 команда қатысқанын да айта кету керек.

Спартакиада қорытындысы бойынша өздерін үздік көрсеткен командаларға бағалы марапаттар және дипломдармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*