ОҚО-ға Дүниежүзілік банктің өкілі үш күндік жұмыс сапарымен келді

Оңтүстік Қазақстан облысына үш күндік жұмыс сапарымен келген мәртебелі мейман, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун өңірде атқарылып жатқан ілкімді істермен танысып шыққанын айтып,  Шымкент қаласын аралау кезінде оның қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткізгенін мәлімдеді.«Биыл Дүниежүзілік банк пен Қазақстанның әріптес атанғанына 25 жыл толып отыр. Осы датаны атап өтіп, қаржыландыру бағдарламасының кезекті бес жылдығын қорытындылаймыз. Алдағы уақытта қаржыландырудың жаңа бағдарламасын бастауды жоспарлап отырмыз», — деп қосты Ато Браун.

«Біздің облыс Қазақстандағы халқы тығыз орналасқан аграрлы аймақ. Еліміздегі әр бесінші сәби осы өңірде дүниеге келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша облыстар арасында бірінші орында келеді.  Сонымен қатар облысымыз білім беру мен денсаулық сақтау  мекемелер саны жағынан да алда. Ал бұл салада атқарылар жұмыста аз емес. Сондықтан  Дүниежүзілік банкпен алдағы уақытта  да тұрақты жұмыс істеуге әзірміз, — деді әкім.

Кездесу соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі А.Браунға сәттілік пен табыс тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*