ОҚО-да «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында 1 322 жобаға қолдау көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама орындала бастағалы бері жалпы сомасы 39,9 млрд теңге бөлініп, 1 322 жобаға қолдау көрсетілді. Нақты айтқанда, субсидиялау бойынша 676 келісімге қол қойылып, 158 жобаға кепілдік көрсетілді. Ал 96 кәсіпкерге мемлекеттік грант бөлініп, шағын несие бойынша 312 жоба қаржыландырылды. Инфрақұрылымдық қолдау бойынша тоғыз индустриалды аймақ пен сауда-логистикалық орталыққа, шағын және орта бизнестің 70 жобасына инфрақұрылым жүйесі тартылды.Оның ішінде өткен жылы 4 885,3 млн теңге бөлініп, 442 жобаға қолдау көрсетілді. Осылайша, өңірдегі кәсіпкерлік саласы дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Сондай-ақ, аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының жұмысы да күшейтілді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың сегіз айында өңірде шағын және орта бизнестің 213 564 субъектісі тіркелген. Олардың ішінде 176 586-сы жұмыс істеп тұр және осы тұрғыдан алғанда өткен жылғы көрсеткіштен 105 пайызға артық. Осылайша, Оңтүстіктің республика бойынша үлесі 15,2 пайызды құрап, бірінші орынды иеленді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*