Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік саласы дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Оған жергілікті биліктің жағымды бизнес-климат қалыптастыруы мен кәсіпкерлік идеяларды дамытуға көңіл бөлуі әсер етуде. Соның мысалы ретінде ағымдағы жылдың сегіз айында өңірде шағын және орта бизнестің 213 564 субъектісі тіркелгенін айтуға болады. Олардың ішінде 176 586-сы жұмыс істеп тұр және осы тұрғыдан алғанда өткен жылғы көрсеткіштен 105 пайызға артық.Осылайша, Оңтүстіктің республика бойынша үлесі 15,2 пайызды құрап, бірінші орынды иеленді. Облыстағы шағын және орта бизнес нысандары алдыңғы жылы 900,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 6,1 пайызды құрады. Ал осы жылдың 1-тоқсанында 158,3 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Биылғы 8 айда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 266 млрд теңгені құрады. Ол қаржының 61,4 пайыздан астамын шағын және орта кәсіпкерлер құйған (163,2 млрд теңге). Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бүгінде шағын және орта бизнес қанатын кеңге жайып, отандық өнімнің санын арттыруда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жаңғақ шаруашылығын дамыту қолға алынды.
Оңтүстік Қазақстан обылысы Сарыағаш ауданы Жемісті елді мекенінде «Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіптік жаңғақ шаруашылығының болашағы және даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға елімізден өзге Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан жаңғақ шаруашлығын зерттеп жүрген тәжірбиелі […]
ОҚО-дағы «Тассай» индустриялық аймағында биыл 4 жоба іске қосылады
Шымкентте өңір өнеркәсібін дамытып жатқан екі индустриялық аймақ бар. Олардың қала экономикасы мен бюджетіне әсері зор болып отыр. Жалпы экономиканың өркендеуінде өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамуы негізгі рөл атқарады. Ол дегеніміз тұрмыс- тіршілікке қажетті өнім түрлерін […]
Оңтүстікте жастар театры бар
Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Жастар театры» құрылды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған өнер ордасы өскелең ұрпаққа сахна мәдениеті мен сахна […]
Пікір қалдыру