ОҚО-да келер жылы «Бабалар мұрасы ізімен» жобасы жүзеге асырылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағадарламасы аясында «Бабалар мұрасы ізімен» жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл жөнінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі БАҚ және блогерлердің қатысуымен кеңсе тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттауға байланысты ашық есік күнінде айтылды. Жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғұламалардың шығармашылығын, олар қалдырған рухани мұраларын, қол жазбаларын  облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасының ғылыми қорына жинақтау болып отыр.Осы мақсатта бүгінде  біраз жұмыс атқарылып, өңіріміздегі бірнеше жазбалар жинақталған. Алда, шетелдердегі үлкен кітапханалармен байланысқа шығып, сондағы қорлардан өңіріміз жайлы біраз дерекетер зерделеніп, олардың сандық көшірмелерін алып келінбек. Сонымен қатар, осындағы ғалымдардың басын қосып сол жазбаларды ана тілімізге аударып, өз қоғамымызға, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау көзделіп отыр.Айта кетейік бұ жобаға жергілікті ғалымдар да қызығушылық білдіріп отыр.  Бұны келер жылы міндетті түрде толықтай жұзеге асыру жоспарлануда.  Себебі,  «Бабалар мұрасы ізімен» жобасының Елбасы мақаласында айтылған 6 басымдыққа да үлкен септігі бар. Сондай-ақ, құнды жазбалар Түркияның «Сулейман», «Баязид» кітапханаларында бар.  Яғни, түрік елімен де тығыз байланыс орнатылмақ.

Оңтүстіктен шыққан ғұламаларды түгендегенде, Әбсаттар Қажы Дербісәлі, Әшірбек Муминов, Төреәлі Қыдыр секілді шығыстанушы ғалымдармен ақылдасқан түрде бірлесе жұмыстар жасалынып жатыр екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*