Жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жетілдіріледі

Келер жылы еліміздегі мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызметін трансформациялау көзделіп отыр. Айта кету керек, мұндай жаңғырту қадамдары азаматтарға қызмет көрсететін тиімді еңбек институттарын қалыптастыруды көздейді. Бұл дегеніміз, енді жеке сектор да жұмыссыз азаматтарды оқытуға және кәсіби даярлауға, жұмысқа тартуға үлес қоспақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтің кезекті отырысында баяндады.

сурет inform.kz сайтынан алынды

Енді аталған орталықтар мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға айналмақ. Осылайша ұйымдастыру-құқықтық жүйені толығымен жергілікті атқарушы органдар анықтайтын болады.Бұл ұсынылып отырған өзгерістер еңбек нарығындағы жұмыспен қамтуды ұйымдастырушы институттардың қызмет аясын кеңейтпек. Бәсекелестікті арттыра отырып, азаматтардың сапалы да қолжетімді қызмет алуына жағдай жасау көзделуде.Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 199 мемлекеттік, 46 жеке сектордағы жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ 11 интернет-портал жұмыспен қамту саласында белсенді қызмет етеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*