Бизнсті бастайтындарға 18 млн теңге берілмек

Жеке бизнесін ашқысы келетіндер үшін тағы да жеңілдік жасалып отыр. Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының тұрғындары 18 млн. теңгеге дейін қаражат ала алады. Бұл қаржы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында берілмек. Жеңілдетілген пайызбен берілетін несиені жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, жас кәсіпкерлер ала алады. Басты шарт бизнес осы аталған қалаларда қолға алынуы керек. Бұл шарт осынау бағдарлама аясында жан-жақты қаралған. 18 млн. теңгеге дейін берілетін несие 7 жылға 6 пайызбен ұсынылмақ. Бағдарламаның операторы «Ырыс» микрокредиттік ұйымы мен екінші деңгейлі банктер. Бағдарламаның кей шарттары жас кәсіпкерлер үшін де қолайлы дейді сарапшылар.
Айта кетейік, бұл бағдарлама елімізде биылдан бастап іске асуда. Тиісті қаражат банк құрылымдарына қыркүйек айында, ал микрокредиттік ұйымға өткен аптада үлестірілді. Орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында тиісті қаражатқа қол жеткізу шарттары оңтайланыдырылып отыр дейді мамандар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*