Ресей ғылым академиясының Антропология және этнография музейінің директор орынбасары және «Manuscripta Orientalia» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы профессоры Е.А. Резванның «Түркістан» атты кітабы көптеген жылдар бойы мұражай және экспедициялық зерттеулердің материалдарына негізделе отырып, Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дәстүрі және орыс пен қазақ мәдениетінің өзара тарихи қатынасына арнап 1000 дана таралыммен шығарылған.Тарихи құнды кітапта 2010 — 2015 жылдар аралығындағы экспедициялық іссапарлардың қорытындысына сəйкес, Қазақстан мен Ресейдің тығыз байланысты тарихы жəне қазақ мәдениетінің бірқатар ерекшеліктері мен ескерткіштері жайлы жаңа ғылыми материалдар арқылы мәліметтер толықтай топтастырылып, бейне және аудио иллюстрациялармен барлық элементтер қамтылған. Төрт бөлімнен тұратын кітаптың төртінші бөлімінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және қасиетті Тайқазанның суреттері бейнеленген. «Түркістан» кітабының негізгі ерекшелігі мұқаба мен ішкі беттерге жаңа 3D-технология қолданылған. Мысалға, смартфоныңыздың камерасын қосып кітапқа қарай түсірсеңіз Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ежелгі көрінісі жəне оны айналдыра отырып, кесененің жан-жағы мен ішкі көріністерін көруге болады. «Түркістан» кітабы Ресей ғылым академиясының Антропология және этнография музейі және «МИР» Мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалының қолдауымен Санкт-Петербург қаласындағы «Типография «Экстрапринт» баспаханасында 2016 жылы басылып шыққан. Белгілі ғалым, исламтанушы Ефим Резванның «Түркістан» кітабын «Әзірет Сұлтан» мемлекетті тарихи-мәдени қорық-музейіне «МИР» Мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстандағы ұлттық филиалының директоры Асқар Әлімжанов 2016 жылы сыйға тартып, қойнына мол мұра тұнған құнды дүниенің жəдігерлер ішіндегі орны айрықша.
Ұқсас жаңалықтар
Венгриялық антрополог Андраш Биро «Әзірет Сұлтан» қорық-музейімен танысты
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне венгриялық антрополог, Венгрия антропологиялық институтының профессоры, Венгр-Тұран қорының төрағасы Андраш Жолт Биро келді.Көптеген жылдан бері қазақтар мен мажарлардың туыстық қарым-қатынасын зерттеп, түркі халықтарының тарихы туралы ғылыми зерттеулермен айналысып келе жатқан əйгілі […]
ОҚО-дағы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде республикалық конференция өтті
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикалық конференция өтті. Шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Түркістан қалалық мәслихатымен бірлесе ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші […]
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» музейінде латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстары бойынша зиялы қауым өкілдерімен басқосу өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған басқосуға Түркістан қалалық мәдениет және […]
Пікір қалдыру