«Тиімді шағымдар» іске қосылды

Облыста «Тиімді шағымдар қоғамына» серпінді жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтарын оларға жан-жақты түсіндіру мақсатында өтініші иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғалуына консультативтік көмек көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізсіз көп сатылы қаралуына және созбалаңдыққа салынуына жол бермеу.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен өз құзіреттері шеңберінде азаматтардың арыз-шағымдарын заңда белгіленген мерзімде, сапалы және толық қарау жүйесін қалыптастыру. ОҚО Әділет департаментінің бас маманы, «Қазақстан заңгерлер одағы» ОҚО филиалының мүшесі Нұрсұлу Ағабекованың айтуынша, облысының Әділет департаменті әрбір өтініш иесін жеке қабылдап, егер оның арызын қарау әділет органның құзыретіне жатпайтын болса, шағымданушыны әрі-бері сарсаңға салмай, оған қайда шағымдану керектігі, табыстау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
— Әділет департаментінің құзыретінің бірі — адвокаттардың, нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылау болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында, адвокаттардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) келіп түскен шағымдардың ішінде, 3 шағым негізделген. Осыған байланысты, 2 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылып (сөгіс түрінде), 1 адвокаттың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы сотқа талап арыз жолданды. Қазіргі таңда бұл талап арыз сотпен қаралуда,-дейді маман.
Сондай-ақ, нотариустардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты 39 арыз – шағымдар түсіп, оның ішінде негізді деп табылғандары – 16. Прыздарды қарау нәтижесі бойынша 6 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 нотариустардың лицензияларының күші тоқтатылған. 2 нотариусқа қатысты, олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар қаралу барысында, 1 нотариусқа шара қолдану мерзімі өтіп кетуіне байланысты тәртіптік шара қолданылмаған, ал 1 нотариустың жауапкершілігі қылмыстық іс аяқталғаннан кейін қаралады.
Департаменттің қолданыстағы «Құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Қағидасына» мекеме басшысының құжаттарға қол қою құқықтары, оның ішінде өтініштер бойынша жауаптарға қол қою құзіретін нақтыланып, бекітілді, өтінішті қарау нәтижелері бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерге жауап беру құзіреті енгізілді.
Сондай-ақ, ғимаратта жоба негізінде дайындалған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің әзірленген үлгілерін орналастыруға қабырғалық стенді жасалып, көрнекті жеріне ілінді.
Өтініштерді қарауға байланысты орыналып отырған түйінді мәселелер тақырыбында департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы семинар кеңестер жүйелі түрде өткізіліп отырады / азаматтарға заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, заңнамамен көзделген құқықтарын түсіндіру, азаматтардың өтініштері мен жеке қабылдау бойынша жұмыстарын жетілдіру мәселесі талқыланды/.
Азаматтардың өз өтініштері мен уәждері бойынша Әділет департаменті жанынан құрылған айына екі рет өткізілетін Қоғамдық қабылдауға келуге және алдын ала жазылуға болатыны аудан тұрғындарының назарына жеткіземіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*