Балаларға арналған байқау өтті

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты облыстық байқау биыл да жалғасын тапты. Сайысқа қатысушы жастардың саны бұл жолы әдеттегіден ерекше көп дейді ұйымдастырушылар. Облыстық Экологиялық орталықтың мұрындық болуымен өткізілген байқауға 604 қолөнер бұйымдары түсіп, 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.


Атап айтсақ:
«Экология балалар көзімен» атты көркемсурет номинациясы
«Табиғат тынысы» тақырыбындағы фотосуреттер немес фотоколлаждар номинациясы.
«Табиғат формаларының пластикасы» табиғи материалдардан жасалған бұйымдар номинациясы.
«Табиғат айнасы» атты табиғи материалдардан жасалған панно немесе аппликациялар номинациясы.
«Гүлдер әлемі» кепкен гүл шоғырларының жиынтығы номинациясы.
«Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туындылары» номинациясы.
«Ауланың ландышафтық-дизайыны» номинациясы.

Жас шеберлердің жұмысы 3 күн бойына облыстық Бейнелеу өнері музейінде келушілердің назарына ұсынылды. Байқаудың мақсаты жасөспірімдерді қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баулу, экологиялық тәрбие мен білім беру, табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу болмақ. Байқауға түскен заттардың ішінен үздігін арнайы құрылған комиссия мүшелері таңдады. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының марапатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*