Мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа бөлімше ашылды

Отырар ауданында «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің жанынан Күндізгі қатынау бөлмесі ашылды. Бұл аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтермен тиісті көмек көрсететін арнайы құрылған орын. Осындай ерекше бөлімшенің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов «Елбасымыз халыққа арнаған әр Жолдауында әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп келеді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі ашылып отырған күндізгі қатынау қызметінің балаларға берер көмегі мол деп есептеймін. Өйткені олардың қоғамға етене араласып, өзгелермен тіл табысуларына, өмірге деген құштарлықтарын арттыруға оң септігін тигізбек» деген аудан әкімінің орынбасары бөлімшенің қызыл лентасын қиып өзінің ақ жарма тілегін білдірді. Сондай-ақ бөлімшенің алдағы жұмысына тек сәттілік тіледі. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, болашаққа деген үміттерін сөндірмей, өздеріне деген сенімдерін нығайту жұмыстары жүрілетін болады.
Заманауи жабдықтармен қамтылып, арнайы мамандармен толыққан жаңа бөлімшенің ашылуы балалармен қатар олардың ата-аналарын да ерекше қуантты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*