Әлеуметтік дүкен ашылды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу жайлы тапсырмасына сәйкес, Отырар ауданында аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік азық-түлік дүкені ашылды. Бұл сауда орынын жергілікті жеке кәсіпкер Ербол Пазылбеков халықтың игілігі үшін ашқан. Жаңадан ашылған сауда орнының бір екшелігі мұнда күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы қазіргі нарқтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайызға дейін төмен бағада сатылуда. Айта кететін бір жағдай бұл сауда орнына жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары арнайы әкелініп қойылған. Осылайша халыққа арзан бағадағы заттар аудан халқына ұсынылды.
Аталған сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш, Пердехан Жаппарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев және тиісті сала басшылары арнайы қатысты.
Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылу жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*