Көксарайда «Алтын күз-2017» жәрменкесі өтті

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесін өткізуді және оны тек аудан орталығында ғана емес ауыл округтерінде де өткізу керектігін айтқан болатын.Осыған орай, Көксарай ауыл округінде «Алтын күз-2017» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Аққұм, Көксарай, Маяқұм ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер және «Ордабасы құс» фермасы қатысып, өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20 пайызға төмен бағада ұсынды.
Жәрмеңкеде халық сұранысына ие картоп, пияз, сәбіз, жұмыртқа қой еті, тауық еті, шұжық, қырыққабат, қызанақ, қияр және басқа да өнімдер делдалсыз төмен бағамен сатылды.
Мерекеге арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Салхутдинұлы жәрмеңкені аралап шаруашылықтардың өндірген өнімдерімен танысты. Мұнан соң «Алтын күз-2017» мерекесінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, ауылшаруашылығы саласында мол табысқа жеткен шаруалар мен еңбеккерлерге аудан басшысың алғысын жеткізді. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*