«Алтын күз-2017» мерекесінде Көкмарданның шаруалары мен кәсіпкерлері марапаттарға ие болды

Отырардағы Көкмардан ауылының дихандары Серік Дәуренбеков пен Үсен Әлшері жүгері мен бақша өнімдерін өндірді қолға алса, еңбекте үздік болған Ерғали Расулаев «Озат механизатор», Күлшат Сұлтанова «Үздік кәсіпкер» атанғандарын айта кету керек. Сонымен қатар,  Осындай биіктерді бағындыруға өлшеусіз үлес қосқан шаруаларды ауыл округінің әкімі Динара Жипсыбаева арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.
Мұнан бөлек, «Алтын күз-2017» жәрменкесінде мерекелік концерттік шара соңы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен жалғасын тапты. Айта кету керек, жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер қатысып, өздерінің өндірген өнімдерін халыққа базар бағасынан 20 пайызға төмен бағада ұсынды.
Ал, жәрмеңкеде  картоп, пияз, сәбіз, жұмыртқа қой еті, тауық еті, шұжық, қырыққабат, қызанақ, қияр және басқа да өнімдер халықтың айрықша сұранысына ие болды. Өйтені, аталмыш ауыл шаруашылығы өнімдері делдалсыз, қол жетімді төмен бағамен сатылып, тұрғындардың көңілінен шықты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*