Арыс ауылында «Алтын күз-2017» мерекесі өтті

Отырар ауыл округінің шаруалары биылғы жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ауыл еңбеккерлері жүгері, көкөністер мен бақша өнімдерін өндіруде мол табыстарға кенелген. Бұл туралы ауыл әкімі Дінмұхаммед Үсетов Арыс ауылында өткен «Алтын күз – 2017» ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесінде сөз етті.
Мереке аясында ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп, онда халық сұранысына ие азық-түлік өнімдері делдалсыз төмен бағамен ұсынылды. Жәрмеңкеге аудан әкімінің міндетін атқарушы Рыскелді Әліш арнайы қатысып, кәсіпкерлермен, тұтынушылармен кездесті. Жәрмеңкедегі тауар бағаларына көңілдері толатынын айтқан ауыл тұрғындары осындай шараны ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғыстарын айтты. Мұнан соң мерекелік шарада сөз алған Рыскелді Салхутдинұлы тұрғындар мен ауыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, аудан әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен өтіп жатқан жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Шара барысында ауыл әкімі Дінмұхаммед Үсетов ауылшаруашылығы саласыда үлкен жетістікке қол жеткізген озат шаруаларды марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*