Жаңа мамандық иелерін даярлайды

Елімізде кәсіптік-техникалық, жұмысшы мамандар аса қажет. Ондай кадрларды даярлауда Шардар қаласындағы №16 колледждің орны бөлек. Жарты ғасырға жуық тарихы бар оқу ордасы Қазақстан бойынша тұңғыш рет «Балық өндірісінің техник-технологы» мамандығы бойынша жас мамандарды оқытып келеді. Бұл мамандықтың ерекшелігі – балықты өңдеудің сауаттылығы, оны сақтау, сондай-ақ балықты қолдан өсіру технологиясы оқытылады. Білім ошағының директоры Зәкірхан Рахманқұлұлының айтуынша, бұл мамандық Шардара ауданындағы балық өндірісінің өркендеуіне байланысты туындап отыр дейді.

Биылғы жылы колледжге «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасы бойынша 150 студент оқуға қабылданған. Оқу бітіргенше олар жұмысшы және орта буын мамандығын алып шығады. Екі мамандық бойынша «Хамит» балық зауытында дуалды оқыту бойынша білім алуда.

Сондай-ақ, мұнда былтырғы жылы 5 қабатты барлық жағдайы жасалған жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп, шәкірттердің игілігіне тапсырылды. Студенттер білім алумен қатар, тәжірибе арттыруда да алда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*