«Ұлттық мұра» студенттер мұражайы ашылды

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институтында 80 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық мұра» студенттер мұражайы ашылды. Жаңа нысанның қызыл лентасын оқу орда ректоры және зиялы қауым өкілдері кесті.

Мұражайдың ашылу мақсаты — көненің көзі, ұлттық мұралар және құндылықтарымыз негізінде студенттер бойында ұлттық рухымызды мәңгі қалдыру, білім беру мазмұнын ұлттық мәдениет негізінде қалыптастыру болып табылады.

Бұл — бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі, өйткені «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды»,-деп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да басты мәселе ретінде көрстілген.

Олай болса, білім беру – мәдениеттің бөлінбес бөлігі, ол тек мәдениетке тәуелді болып қана қоймай оған бағыт беріп отырады. Одан да маңыздысы, білім беру мәдениетке жауап беретін ол арқылы орын алатын, сондай-ақ адамның өзі де мәдениет арқылы оң сипатқа ие болатынын алға тартады.

 

Студенттер мұражайында бүгінде 100-ден астам экспонат қойылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*