Облыстық жас ақындар айтысы

Өңірімізде облыстық жас ақындар айтысы өтті. Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілген айтыс Алаш ардақтыларының 100 жылдық мерейтойына арналған. «Алаш мұрасын ардақ тұтқан ақындар» атты сайысқа барлық аудан қалалардан суырылып алға шыққан жас ақындар келген. Жастар сан ғасырлық салт-дәстүрімізді дәріптеп, алаш ардақтыларының еңбектерін жырлады. Сондай-ақ алаш қайраткерлерінің тұлғасын, олардың ел үшін сіңірген еңбектерін танып-білу бүгінгі жас ұрпақтың міндеті екендігін де ашып айтты. Ұйымдастырушылардың айтуынша қазақтың төл өнерінің бір егейі айтыс өнері арқылы жастарды қоғамның белсенді азаматтары етіп тәрбиелеуге мұндай іс-шаралардың берері мол. Сонымен қатар жас ақындарға қолдау көрсету де басты назарда. Байқау барысында 10-ға жуық ақындар өз ара сынға түсті. Жас ақындардың өнерін тамашалап, оларға қолдау көрсетуге келген жастардың қарасы көп. Және өңірімізге белгілі ардагерлер, мәдениет қайраткерлері, өнер майталмандары, және айтыскер ақындар мен оқушылар қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*