ШЫМКЕНТТЕ «ЖҮЙРІКТЕР ШЫҚТЫ ЖЕЛІГЕ» ОНЛАЙН-АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

Шымкентте «Жүйріктер шықты желіге» онлайн-айтысы сәуір айының әр сәрсенбісінде өтеді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Айта кету қажет, дүбірлі дода Шымкент қаласының 2200 жылдық, Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Орданың 750 жылдық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойларына арналады.

Айтыстың мақсаты — ақындардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады.

Сонымен қатар, аламан айтысқа Шымкент қаласының үздік ақындары қатысады және 1 айналымнан тұрады; қатысушы ақындар айтысқа өзінің сүйемелдеу аспабымен, ұлттық киіммен шығуы керек. Өнер көрсеткен әрбір ақынға демеушілер есебінен ынталандыру сыйақысы табысталады.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде Төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*