Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры Мұқан Төлебаевтың «Біржан — Сара» премьерасын қойды. Әлемдік классикалық музыка қорына енген «Біржан — Сара» операсын сахналау, облыстық опера және балет театры үшін тарихи оқиға, жаңа белес болып отыр. Премьераның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, қойылымды көрермендермен бірге тамашалады. «Біржан — Сара» — көп актілі лирикалық драмалық опера саналады. Премьерада 19 ғасырда өмір сүрген белгілі ақыны, әнші-сазгер Біржан салдың өміржолы мен дүние-дәйегі, сондай-ақ Сара ақынмен айтысы да көрініс тапты. Шығармада Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күрес те керемет суреттелген. Қойылымының режиссері – Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Асанбеков болса, қоюшы суретшісі — Бақыт Күзембаев. Операда Сараны рөлін облыстық опера және балет театрының әйгілі әртісі Үрәлхан Сейілбекова сомдады. Туындының драматургиялық желісінде Біржан мен Сараның махаббатын көрсететін лирикалық бағыт пен тарихи шындық бір арнада тоғысты. «Біздің ұжым бұған дейін мұндай жоғары дәрежедеге операларды орындап көрмеген болатын. Рас, алғашқыда қалай шығады екен деп алаңдадық. Тәуекел етіп, «Біржан-Сара» операсын облыстық опера және балет театрының 150-ге жуық қызметкері орындап отыр. Бұл қойылымымызды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қолдау білдіру негізінде көрерменге паш еттік» — дейді театр директоры Әбдіхан Нұрмағанбетов.Сонымен, қазақтың белгілі жазушысы Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазған «Біржан- Сара» операсын сахналау үшін ұжым 6 ай уақытын арнаған. Айта кетейік, бүгінде ашылғанына 9 жылдан асқан облыстық опера және балет театрында 217 адам қызмет етеді. Оның 147-сі шығармашылық ұжым.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ағасы інісіне бауырының жартысын бөліп берді
Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында кезекті бауыр алмастыру отасы сәтті өтті. 28 жастағы Рауан Әбеновтің осыдан 3,5 жыл алдын бауыры сыр берген. Елемей жүре берген ғой. Ақыры, бауыр церрозына шалдығып Шымкенттегі жедел медициналық көмек […]
ОҚО-да ҰБТ қорытындысы қортындысы орташа бал 76,8 құрады
Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, қорытындысы бойынша облыстың орта балы 76,8 балды құрады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашова мәлімдеген болатын.Раушан Ергашованың […]
ОҚО мен Франция аймақтары арасында ауда-экономикалық, инвестициялық әріптестікті дамытудың әлеуеті зор
ОҚО әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы Франциямен түрлі салада қарым-қатынасты дамытуға әзір екенін жеткізді. Өз кезегінде француз елшісі ОҚО мен Франция аймақтары арасындағы өзара тиімді с, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлы әріптестікті […]
Пікір қалдыру