Оңтүстіктегі Төлеби ауданы шаруасы шалқыған төрт түлігі төскейде жусап, дархан дала төрінде егіні жайқалып, көшелері гүлмен көмкеріліп көркіне көрік қоса түскен өңір. Өзге аудандардан бір қадам алда тұрған ауданымыздың тыныс-тіршілігіне зер салсаң қайнаған тірлік, маңдайдан тамған еңбекті көресің. Ауданның көркейе түсуіне өзіндік сән беретін ол, әрине, көшелердегі жол сапасы. Қала, ауыл көшелері асфальтталып, көркіне көрік қосылса бұл әрбір тұрғын үшін мақтаныш.Биыл 2017 жылы Төлеби ауданындағы елді мекендердің ішкі көшелерін тегістеу, тас төсеу және асфальттауға аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, бүгінгі күнге дейін бірталай жұмыстар атқарылды. Жыл басында таспырыс беруші мен мердігер мекемелер арасында келісім-шарттар түзіліп, өндірістік жұмыс жүргізу кестелері бекітілді. Аудан бойынша биыл жөнделуі жоспарланған 30 көшенің 28-інде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Олар: Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша: Зағамбар елді мекеніндегі №2 көшенің 3,4 шақырымы, Ынтымақ елді мекеніндегі Мереке көшесінің 3,2 шақырымы, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Таубай ата көшесінің 1,4 шақырымы, Жаңажол елді мекеніндегі Еңбек көшесінің 1,5 шақырымы және Наурыз көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Киелітас ауылдық округі бойынша: Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Шалпая көшесінің 3,5 шақырымында, Ақайдар елді мекеніндегі Мерей көшесінің 1,9 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кемеқалған ауыл округі бойынша: Әңгірата елді мекеніндегі А.Сарыбасов көшесінің 1,270 шақырымы, О.Танабайұлы көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Қасқасу ауыл округі бойынша: Кеңесарық елді мекеніндегі Таулық көшесінің 2,1 шақырымында, Б.Исакулов көшесінің 1,1 шақырымында, Қасқасу елді мекеніндегі Ұлан көшесінің 1,3 шақырымында орташа жөндеу, К.Халметов көшесінің 0,5 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебилік төтеншеліктер қысқа сақадай сай
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев подполковник Б.Есіркеповпен оқу-жаттығуға қатысқан бөлімшелердің техникаларын, құрал — жабдықтарын және басқа да қажетті мүліктерінің әзірлігін қарап шықты. Атап айтқанда, аудандық тұрғын-үй комуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімі, «Қазақстан темір жолы» […]
Төлебиде жаңа тұрғызылған бірнеше нысан көпшілікке таныстырылды
Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесінен кейін, аудан әкімінің Омарбеков Бауыржан Бақытұлының және аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлының, сондай ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, қала ардагерлерімен және Қала әкімі Болат Әділбековтің […]
Шымкенттің шағын аудандарындағы шағын көшелерге асфальт төселіп жатыр
Қаладағы «Қазығұрт» және «Сәуле» шағынаудандарында қазіргі таңда көшелерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты.Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде «Қазығұрт» шағынауданында Ғабдуллин, Арыстанбаб, Жібек жолы, Жұбанов, […]
Пікір қалдыру