Оңтүстіктегі Төлеби ауданы шаруасы шалқыған төрт түлігі төскейде жусап, дархан дала төрінде егіні жайқалып, көшелері гүлмен көмкеріліп көркіне көрік қоса түскен өңір. Өзге аудандардан бір қадам алда тұрған ауданымыздың тыныс-тіршілігіне зер салсаң қайнаған тірлік, маңдайдан тамған еңбекті көресің. Ауданның көркейе түсуіне өзіндік сән беретін ол, әрине, көшелердегі жол сапасы. Қала, ауыл көшелері асфальтталып, көркіне көрік қосылса бұл әрбір тұрғын үшін мақтаныш.Биыл 2017 жылы Төлеби ауданындағы елді мекендердің ішкі көшелерін тегістеу, тас төсеу және асфальттауға аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, бүгінгі күнге дейін бірталай жұмыстар атқарылды. Жыл басында таспырыс беруші мен мердігер мекемелер арасында келісім-шарттар түзіліп, өндірістік жұмыс жүргізу кестелері бекітілді. Аудан бойынша биыл жөнделуі жоспарланған 30 көшенің 28-інде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Олар: Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша: Зағамбар елді мекеніндегі №2 көшенің 3,4 шақырымы, Ынтымақ елді мекеніндегі Мереке көшесінің 3,2 шақырымы, Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Таубай ата көшесінің 1,4 шақырымы, Жаңажол елді мекеніндегі Еңбек көшесінің 1,5 шақырымы және Наурыз көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеу жұмыстарынан өтті. Киелітас ауылдық округі бойынша: Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Шалпая көшесінің 3,5 шақырымында, Ақайдар елді мекеніндегі Мерей көшесінің 1,9 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кемеқалған ауыл округі бойынша: Әңгірата елді мекеніндегі А.Сарыбасов көшесінің 1,270 шақырымы, О.Танабайұлы көшесінің 0,8 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Қасқасу ауыл округі бойынша: Кеңесарық елді мекеніндегі Таулық көшесінің 2,1 шақырымында, Б.Исакулов көшесінің 1,1 шақырымында, Қасқасу елді мекеніндегі Ұлан көшесінің 1,3 шақырымында орташа жөндеу, К.Халметов көшесінің 0,5 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, Леңгір қаласындағы бірнеше нысанды аралап көрді
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қала әкімі Болат Әділбековпен бірге Леңгір қаласында орналасқан нысандармен танысты. Алдымен, аудан әкімі «Алатау» мөлтек ауданына тас төсеу жұмыстарымен танысудан бастады. Ары қарай жұмыс сапарын ұн, кебек, бидай қалдығын өндіретін «Ақ […]
Шымкент: «Асар» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер жаңарып жатыр
Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлерді мердігер компания кепілдік мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бұған ұйытқы болған қала басшысы Мұрат Әйтеновке тұрғындар алғысын білдірді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов […]
Түркістан: Төлеби ауданындағы сел салдары қалпына келтіріледі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, жағдайды бақылап қайтты. Бұл аумақта қатты жауған нөсерден өзен суы арнасынан асып, бірнеше көшелерді су шайған болатын. Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің басшылығымен тасқын […]
Пікір қалдыру