Созақ ауданының 90 жылдығына орай теріскейде жиырмадан астам әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Солардың бірі Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенінде 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы. Бөбекжай балабақшада ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысының сөзіне сенсек мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында Созақта балабақша мәселесі жылдан жылға өз шешімін тауып келеді екен. Бүгінде ауданда 43 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 17 мемлекеттік, 16 жекеменшік, 10 шағын орталық. Осының арқасында теріскейдегі бүгінде дейін балаларды балабақшамен қамту 90 пайызды құрап отыр. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айтып өтуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде жаңадан ашылып отырған 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы жергілікті адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Нақтырақ айтсақ, мұнда қазір 20 адам жұмыс істеп, өз отбасыларын асырап жатыр. Байқағандарыңздай, ауыл балабақшасы балаларды бөбекжаймен қамту мәселесін шешіп ғана қоймай, жұмыссыздық проблемасын шешуге де оңтайлы әсер етіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ашылды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Салтанатты ашылу рәсіміне, өңірлік жастар форумына ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Ж.Омарбекова мен облыс әкімі Ж.Түймебаев, сонымен қатар […]
Түркістан: «Шипа» жобасы бойынша 300 отбасына дәрі-дәрмек жіберілді
Бүгін «Шипа» жобасы бойынша Түркістан облысының аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін «Jas Turkistan» еріктілер клубы мен аудандардағы «жасотандықтар» және жастар ресурстық орталығының […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ 2,5 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
2022 жылға қарай Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,5 есеге артады. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында белгіленген міндеттердің үдесінен шығу мақсатында «Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» […]
Пікір қалдыру