Созақ ауданының 90 жылдығына орай теріскейде жиырмадан астам әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Солардың бірі Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенінде 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы. Бөбекжай балабақшада ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысының сөзіне сенсек мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында Созақта балабақша мәселесі жылдан жылға өз шешімін тауып келеді екен. Бүгінде ауданда 43 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 17 мемлекеттік, 16 жекеменшік, 10 шағын орталық. Осының арқасында теріскейдегі бүгінде дейін балаларды балабақшамен қамту 90 пайызды құрап отыр. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айтып өтуіміз керек. Сонымен қатар, бүгінде жаңадан ашылып отырған 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы жергілікті адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Нақтырақ айтсақ, мұнда қазір 20 адам жұмыс істеп, өз отбасыларын асырап жатыр. Байқағандарыңздай, ауыл балабақшасы балаларды бөбекжаймен қамту мәселесін шешіп ғана қоймай, жұмыссыздық проблемасын шешуге де оңтайлы әсер етіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: Жүгеріден мол өнім алу көзделуде
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбол Бадырақовтың айтуынша, бүгінде Түркістан қаласы маңында 4 бірлік жаңбырлатып суару машинасы орнатылған. «Қазір бұл алқапқа күздік бидай егіліп жатыр. Келесі жылдың мамыр айында сүрлем жүгері егу жоспарланған. Жаңбырлатып […]
ТУРКЕСТАН: ЖИТЕЛЬ КЕЛЕССКОГО РАЙОНА ПОЛУЧИЛ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГРАНТ И ОТКРЫЛ ЦЕХ
Житель Келесского района Туркестанской области получил государственный грант и открыл цех. Житель села Абай Келесского района Туркестанской области Ергеш Бексултан реализовал план развития продуктивной занятости и массового предпринимательства с помощью государственной программы «Еңбек» на 2017 […]
Түркістан: бюджеттен ауыз суға 10 миллиардқа жуық теңге бөлінген
Елбасымыз өз Жолдауында: «Енді өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн. Әкімдер өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы тиіс», — деді. Бүгінде Түркістан облысында өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында сумен жабдықтау бойынша 2018 жылы […]
Пікір қалдыру