Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ардагерлердің ерліктерін дәріптеу және өмірден өткендерін еске алу мақсатында Мақтаарал ауданында спорттың волейбол түрінен жарыс өтті.
Құқық қорғау органдары, аудан әкімі аппараты, кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері, дербес бөлімдер мен қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен және ардагерлерден құралған 20-дан астам команда жарыста бақ сынасты.
Аудан әкімі Бақыт Асанов, аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбековтар өз командаларының құрамынан табылып, турнирдің барынша қызықты әрі тартысты өтуіне атсалысты.
1 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Ж.Ботабеков бастаған «Аудандық прокуратура» командасы І орынды алып, үздік атанды. Ал, «Кәсіподақ ұйымы» командасы ІІ орын, «Аудандық сот» командасы ІІІ орынды еншіледі. Сонымен қатар, мектеп директорларынан құралған «Директорлар» командасы үздік төрттіктен көрінді.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру