Бір кездері футболдан еліміздің Ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Давид Лория футболдағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Қақпашы Давид Лория бұл жөнінде өзінің «инстаграмдағы» парақшасында жазды.
«Мен әрдайым осы күннің келерінен қорықтым. Өйткені бұл күннің сөзсіз келерін түсінетінмін. Бір күні «болды, мен мансабымды бітірдім» деп айтатыным анық еді. Мен бұдан басқаша өмірді ойлай да алмаймын, білмеймін де. 15 жасымда жоғарғы лигада алғашқы ойынымды өткіздім. Осы 22 жыл ішінде өзімінің футболшы екеніммен мақтанатынмын. Осындай өмір жолынан өткен меің жолым болды деп санаймын. Футбол маған менде бардың бәрін берді. Әсіресе достарды және бала кезімде армандай да алмаған жанкүйерлерге деген махаббатты. Арықарай мені басқа өмір күтіп тұр. Бүгін мен өфутболдағы мансабымды аяқтадым деп хабарлаймын» — деп жазады футболшы.
Сонымен қатар, Давид Лория жарақатының салдарынан футболмен жасыл алаңда жанкүйерлеріне алғыс айтып қоштаса алмағанына өкінеді. Өзіне шынай сенім білдірген «Оқжетпес» футбол клубының жаттықтырушылар құрамын, басшылары мен әріптестерін алдай алмайтынын жазған.
Ең алдымен өз отбасыма, 5 жасымда футболға әкеліп, қақпаға қойған үлкен ағам Отарға алғыс айтамын. Содан бері мен тек қақпада тұрамын. дей келе, айналасының бәріне рахметін жеткізген.
«Мен Қазақстан құрамасының сапында ойнағаным үшін бақыттымын. Капитандық белбеумен алаңға шығып әнұранды шырқағаныма мақтанамын. Қазақстанның әсем қалаларында футбол ойнаған менің жолым болды. Бұл керемет, бұл күшті болды. Барлығыңызға үлкен рахмет!» дейді футболшы.
Пікір қалдыру