Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бүгін шаһарды залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Ахмет Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғани Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, Ілияс Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді. Айта кету қажет, аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасып жатыр. Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмыстары қаламыздың Абай, Қаратау, Еңбекші аудандарында да жүріп жатыр. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарына арнайы мекеме қызметкерлерімен қатар әскерилер де тартылған. Бүгінде олар жоғары да айтылған көшелерден өзге адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтар да, арнайы демалыс орындар да тазалық жұмыстыран жүргізуде.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде 16 маусым – Медицина қызметкерлерінің күнін салтанатты түрде атап өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Денсаулық – […]
Бүгін 9 -қараша Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қала тұрғындары, сондай-ақ ерікті жастар да белсене қатысты. Сенбіліктің мақсаты — қаламыздың тазалығын […]
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында экологиялық іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылды. Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданының аумағында өткен бұл іс-шараға Шымкент қаласының белсенді жастары қатысты.сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек […]
Пікір қалдыру