Шымкент қаласындағы банк бөлімшелерінің алдына кезек күтушілерге арналып арнайы жолақтар сызылған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Halyk Bank» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті.
Қазіргі таңда коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Айта кету қажет, клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр.
«Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Қазір зейнетақыларды беріп аяқтадық. Соған байланысты айдың басында банк алдында халық қарасы көп болып еді, қазір ол азайды. Жалпы банкоматтардың алдында 100-ге жуық ерікті мен полицейлер тәртіпті қадағалап, көмектесуде», — деді Айжан Досымбекова.
Шаһарда дәстүрге айналған «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестивалі кезекті рет ұйымдастырылды. 2022 және 2023 жылдары үлкен табысқа жеткен дәстүрлі фестиваль биыл өз жалғасын тауып, көпшілік асыға күтетін, нағыз той-думанға айналды. Фестивальге 50-ден астам тамақтандыру орны қатысып, өздерінің […]
Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу шараларына салғырттықпен қараған кәсіпкерлерге ескерту берілді. Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің […]
Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл шаралар қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін дамытуға және жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. […]
Пікір қалдыру