Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі жарияланған төтенше жағдай кезіндегі 42 500 тг әлеуметтік жәрдемақыға жергілікті атқарушы орган арқылы 7 098 адам өтініш білдірген.
Айта кету қажет, «Мемлекеттік корпорацияға (ЗТМО Еңбек министрлігі) Шымкент қаласынан 43 210 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, белсенді тағайындау нысаны арқылы 8 037 азаматтың өтініші тікелей бірыңғай базасына БЖТ электронды төлеушілер порталына келіп түсіп отыр. Айта кету керек, қазіргі таңда әлеуметтік төлем 39 857 азаматқа төленді. Белсенді тағайындау нысаны арқылы — 8 037. Сонымен қатар, жалпы мемлекеттік жәрдемақыны 40 586 азамат алды», — делінген аталған басқарманың мәліметінде.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 3 мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы, 14 емхана, 15 аурухана, 4 оңалту орталығы, медициналық колледж, ЖИТС орталығы, қан орталығы, залалсыздандыру орталығы, жедел медициналық жәрдем станциясы, бөбектер үйі және диагностикалық орталық қызмет көрсетеді. […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. […]
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Әлемдік экономикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар екі бағыт — транзиттік әлеуетті күшейту […]
Пікір қалдыру