Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жекеменшік медициналық орталықтар қызмет атқарады. Стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жекеменшік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде.
2022 жылдың ресми деректеріне сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің саны 15256 адамды құрады, оның 4760-сы дәрігерлер, 10496-ы орта медицина қызметкерлері.
5225 медициналық қызметкер біліктілігін арттырды. сонымен қатар шетел мамандарының қатысуымен 30 медицина қызметкері оқытылды
Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орыналуда. 2022 жылы балалар үшін ауруханада онкогематология, нефрология, интервенциялық кардиология, стоматология бөлімшелері ашылды. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды. 2022 жылдың сәуір айында ауруханада сәулелі диагностикалық орталықашылды. Биыл аурухана дәрігерлері балалар кардиохирургиясы, офтальмология және неонаталдық хирургия саласын дамытуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар МЖӘ жобасы аясында «Шымкент қаласында бірауысымда 700 келушіге арналған 800 төсектік университеттік көпбейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық (емхана) құрылысы», жеке инвестор есебінен құрылыс басталды.
Пікір қалдыру