Шымкенттегі байланыс орталығы 8 мыңнан астам қоңырауға жауап берді

Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы тұрғындарының сауалдарына нақ әрі тұщымды жауап беру мақсатында қала басшылығының шешімімен арнайы Сall орталық ​ жұмысын бастаған болатын.

Қазіргі таңда 39-50-55 нөміріне тіркелген 9 телефонда күнделікті отыратын мамандар 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында азаматтардан түскен 8707 қоңырауды тіркеп, сауалдарға жауап беріп үлгерді. ​ ​Айта кеткен жөн, орталық қызметіне жүргізілген талдау жұмыстары соңғы үш күнде осындағы мамандардың 2224 сауалға жауап бергенін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, бүгінге дейін байланыс орталығына: әлеуметтік көмек жайлы 5454; тасымалдау бойынша 1553; кәсіпкерлік туралы 722; блок-бекеттер жайлы 378; коммуналдық проблемалармен 223; карантин бойынша 128; бетпердеге қатысты 87; азық-түліктің бағасы туралы 86; дезинфекциялау мен ​ қашықтан оқыту және өзге де мәселелермен 76 қоңырау шалынған. Мұнан өзге әлеуметтік бағыттағы сұрақтардың артуына орай, қаладағы аудан әкімдіктерінде арнайы мамандар кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бүгінде орталыққа түскен қоңыраулар бағыттау (переадресация) жүйесіне қосылғанын да айта кету керек.​

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*