Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.
Айта кету керек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.
Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.
Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты — СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
Шымкент қалалық №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы мен спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады. Қазіргі таңда экология мәселесі әлем бойынша өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Ауа ластануы, судың сапасыздығы, жердің тозуы – осылардың […]
Шымкент қаласында тұратын тыл ардагерінің өтініші орындалды. Бұл күнде ардақты да қадірлі тұлғалардың бірі – тыл ардагерлері. Тылда еңбек еткен олар соғыс кезі болсын, басқа да қиын кезеңдер де түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмей, жеңісті […]
Шымкентте 4500-ге жуық көше бар. Қала бойынша орталық 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған. Биыл аудан әкімдіктерінің ұсынысымен қажетті 1048 көшеге жарықшамдарын орнату жұмыстары жоспарланған. Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жарықтандыруға басымдық берілуде. Бүгінде […]
Пікір қалдыру