Эпидемиялық жағдайға орай қабылданған карантиндік шара кезінде халықтың бір жерге көп шоғырланбауы өте маңызды. Осы санитарлық талаптарды орындау мақсатында қаламыздағы екінші деңгейлі бірнеше банк бүкіл қызметтерді онлайн-режимге көшірді. Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша басқарма басшысы Абылғазы Қайназаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет тағайындаған 42500 теңгені алуға өтініш беру үшін банктерге барудың қажеті жоқ. Қызметтердің барлығы онлайн жүйесінде көрсетіледі. Қазір үйде отырып шот ашуға мүмкіндік қарастырылған. Тіпті шот бұғатталып қалса да жәрдемақыға арнайы шот аштыруға болады.
Цифрлық жүйенің арқасында енді мобильді қосымша арқылы банктік картаға үйден тапсырыс беріп, оны кейін карантин біткен соң банктің кез келген бөлімшесінен барып алуға мүмкіндік бар.
«Kaspi bank-тің» бөлім басшысы Айнұр Төлетаеваның мәлімдеуінше, карантин кезінде адамдар банктің мобильді қосымшасымен шот ашып, оны «E-gov» электронды үкімет порталына тіркеп, ал картаның өзін карантиндік режим аяқталған соң жеке куәлікпен банк бөлімшелеріне орнатылған картоматтар арқылы бір минут ішінде шығарып ала алады. Сондай-ақ шоттағы ақшаны карта болмаған жағдайда QR-код бойынша шешіп алады.
Брифингте «Home credit Bank» Шымкент қаласы бойынша филиалының сату және бөлшек несие беру бағыты бөлімінің басшысы Еркебұлан Сауранбаев картаны банктің мобильді қосымшасы, сайты және 7979 ақпараттық орталығына қоңырау шалып, рәсімдеуге болатынын айтты. Карта дайын болған соң банк қызметкерлері оны клиенттердің үйіне өздері апарып беретінін баяндады.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы А.Қайназаров өз сөзінде бүгінгі таңда қаладағы банкоматтар үздіксіз дезинфекцияланып жатқанын, ол жайындағы мәліметтер күнделікті агенттік тарапынан бақыланып отырғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта қаладағы төрт қаржы институтының филиалдары «Kaspi bank», «Home credit Bank», «Халық банкі» және «Банк Центр Кредит» қызметтерін толықтай онлайн жүйеге көшірді.
Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Еңбекші ауданы, Орманшы тұрғын алабының тұрғындарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі […]
Шымкент қаласында қоғамдық көлік 12-мамырдан бастап жүре бастайды. Алайда еліміздің үшінші мегаполисінде карантин талаптарын сақтау жалғасады. Шымкент қаласына кірер тұстарда 18 блок-бекет жұмыс істей береді. Ондағы бақылау бәсеңдемейді. Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент […]
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында орналасқан қоғамдық орындарға тексеру жүргізілді. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында арнайы мониторингтік топ тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде […]
Пікір қалдыру