kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КИНОТЕАТР, ФУД-КОРТ ЖӘНЕ САУДА ОРЫНДАРЫ: САЙРАМДА ЖАҢА КЕШЕН САЛЫНАДЫ

4 июня, 2026
in Қоғам
0
КИНОТЕАТР, ФУД-КОРТ ЖӘНЕ САУДА ОРЫНДАРЫ: САЙРАМДА ЖАҢА КЕШЕН САЛЫНАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында тұрғындардың көптен бергі тілегі жүзеге аспақ. Жақын уақытта ауданда алғашқы заманауи ойын-сауық кешенінің құрылысы басталады. Бұл жоба ауданның мәдени және демалыс инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Соңғы жылдары жергілікті тұрғындар тарапынан кинотеатр ашу мәселесі жиі көтеріліп келген еді. Халықтың сұранысын ескере отырып, аудан басшылығы инвесторлармен бірлесіп, ауқымды жобаны іске асыруға кірісті.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Төрт қабатты кешенде заманауи кинотеатрдан бөлек, балалардың ойын аймақтары, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нүктелері орналасады. Осылайша жаңа нысан әртүрлі жастағы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Кешен Әйтеке би ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы маңынан салынады деп жоспарлануда. Жоба жүзеге асқан жағдайда аудан тұрғындары сапалы демалыс қызметтерін өз өңірінде пайдаланып қана қоймай, ондаған жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұл бастама Сайрам ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға да ықпал етпек.

Tags: Сайрам ауданыТүркістан облысы
Previous Post

КӨК БАЙРАҚ ТӨРГЕ КӨТЕРІЛГЕН КҮН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі