kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТРОКАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

17 июня, 2026
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТРОКАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында туристерге ұсынылатын сервистің сапасын арттыруға бағытталған кезекті ұйымдастыру шарасы өтті. Қаладағы негізгі туристік нысандарда келушілерге қызмет көрсететін электрокар жүргізушілері үшін арнайы түсіндіру кездесуі ұйымдастырылып, онда қауіпсіздік талаптары мен қызмет көрсету мәдениетіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Мәдени-рухани орталық аумағында өткен жиынға учаскелік және туристік полиция қызметкерлері, сондай-ақ Кірістер басқармасының мамандары қатысты. Мамандар электрокар жүргізушілеріне қолданыстағы талаптар мен қызмет көрсету стандарттарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесу барысында жүргізушілердің 18 жасқа толуы және тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы, гид-экскурсовод сертификатын иеленуі, белгіленген бірыңғай киім үлгісін сақтауы және туристерге қызмет көрсету мәдениетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар көлік ішінде музыкалық сүйемелдеу тәртібін сақтау қажеттігі ескертілді.

Бұдан бөлек, электрокарлардың қозғалыс бағытына өзгерістер енгізіліп, енді олар жаңа маршруттық сызбаға сәйкес «Қолөнершілер орталығы» аумағы арқылы да қатынайтын болады.

Түркістан қаласының туристік тартымдылығын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатындағы мұндай түсіндіру және бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Tags: туризмТүркістан қаласы
Previous Post

КИНОТЕАТР, ФУД-КОРТ ЖӘНЕ САУДА ОРЫНДАРЫ: САЙРАМДА ЖАҢА КЕШЕН САЛЫНАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЕСКЕК ЕСУДЕН ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі