kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

16 июля, 2026
in Білім
0
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіз, сапалы әрі мазмұнды жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда. 2026 жылы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 3 миллионнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 600 мыңға жуығы — әлеуметтік осал санаттағы балалар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде білім беру және тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Олар «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы, «Заң және тәртіп» бастамасы, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылатын «Жасыл сабақтар» жобасы шеңберінде іске асырылуда.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды қабылдайтын сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптар кезең-кезеңімен күшейтілуде. Осы бағыттағы маңызды шешімдердің бірі – жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру орталықтарына бірыңғай лицензиялық талаптардың енгізілуі.
Лицензиялық талаптар санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарының сақталуын, қауіпсіздік жүйелерінің болуын, материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігін, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларының болуын, сондай-ақ білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуін қамтиды.
Бүгінгі таңда 45 орталық лицензия алды. Тағы 60-тан астам өтінім білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қарауында.
Лицензиялау тетігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметіне бірыңғай талаптар қалыптастыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Tags: балаларжазғы демалысШымкент қаласы
Previous Post

ӨНДІРІСТІҢ ӨРІСІ КЕҢ: KATCO – СОЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚУАТТЫ ТІРЕГІ

Next Post

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Раң ауылындағы су арнасын қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарының барысын бақылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі